Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстан азаматтары құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстан Республикасының азаматтары құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, бүгін сағат 14:30 шамасында ІІД жол патрульдік батольонының полиция старшинасы Аслан Беков және аға сержант Асқат Уәлиев «Астана-Петропавл» тасжолының бойын бақылау кезінде Щучинск қаласы маңында тоқтап тұрған жолауышлар автобусын байқап қалған.

«Қоғамдық көліктің істен шыққаны және салонында 44 жолаушы бар екені анықталды. Жолаушылардың барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары. Екеуі ғана қазақстандықтар. Автобус «Екатеринбург - Тараз» бағытында жүріп бара жатқан», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, оқиға орнында полиция, құтқару қызметі және жергілікті атқару органдардың қызметкерлері жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізуді қолға алды.