Облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті осындай мәлімет таратты.
Қауіпті вирусты жұқтырғандарға келетін болсақ, Көкшетау қаласында – 11 адам, Целиноград ауданында – 5 адам, Бурабай ауданында – 2 адам, Егіндікөл ауданында – 1 адам бар.
«Науқастар - 1963-1996 жылдар аралығындағы 5 ер адам мен 1958-1998 жылдар аралығында туған 13 әйел. Сонымен қатар, біреуі - 2006 жылғы жасөспірім. Бұның төртеуі бұрын жұқтырғандармен байланыста болған тізім бойынша өтті. Он екісі медициналық мекемеге өздері жүгінген. Оның ішінен бесеуі екі үй ошағы бойынша тіркелді. Қалғаны жүктілігі бойынша скринингтен және жұмысқа орналасу үшін медициналық комиссиядан өту кезінде анықталды», – дейді департаменттен.
Ведомствоның мәліметінше, барлық науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіледі.
Жұқтыру ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар жүргізіледі.