Ақмола облысында жыл ішінде көрсетілген байланыс қызметі өткен сегіз айда 4,6 пайызға өскен
11:28, 16 Қыркүйек 2010
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысында ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айында 3 821 миллион теңгенің электрлі байланыс қызметі көрсетілген, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,6 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің мәліметіне сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында тұрғындарға 2 610 миллион теңгенің байланыс қызметі ұсынылған, өсім өткен жылдың тиісті мерзіміне қарағанда 6,4 пайызға жеткен. Жедел мәліметке сәйкес жыл ішінде 181 миллион теңгенің пошта және курьерлік қызметі көрсетілген, бұл былтырғы деңгейден 3,6 пайызға жоғары. Осы уақытта байланыс саласына түскен түсімнің 32,4 пайызы қалааралық байланысқа тиесілі келсе, жергілікті телефон байланысының үлесі 25,8 пайызға, халықаралық телефон байланысына 10,6 пайызға, ғаламтор бойынша 21,3 пайызға тең.