Ақмола облысында жыл ішінде қылмыстық оқиға 4,7 пайызға өскен

None
КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитет басқармасының деректеріне сәйкес Ақмола облысы аумағында ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айында 5 725 қылмыстық оқиға тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,7 пайызға көп,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Осы уақыт аралығында ұрлыққа қатысты жат әрекет - 16,8, алдап-арбау -16,2,  есірткімен байланысты қылмыс - 11,8, зорлау 3,5 пайызға өсіп отыр. Тіркелген қылмыстар ішінде 47,9 пайызы басқаның мүлкін ұрлауға қатысты . Осы уақытта қылмыстық әрекеттерден 580,9 миллион теңге мөлшерінде шығын келтірілсе, оның 55,3 пайызы меншікке қатысты, 37,6 пайызы экономикалық қылмыспен байланысты. Өткен мерзімде қылмыс жасаған 4 543 адам қолға түскен. бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,2 пайызға жоғары.