Ақмола облысында жыл ішіндегі адамдардың табиғи өсімі 3723-ке жетті

None
КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық статистика басқармасының деректеріне сәйкес ағымдағы жыл басынан бергі адамдардың табиғи өсімі 3723-ке жеткен, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 869-ға артық,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірде 738 269 адам тұрып жатса, олардың 54,8 пайызы ауылдық жерлерде тұрақтаған. Осы уақыт аралығында 10 959 нәресте дүниеге келіп, 7 236 адам өмірден озған, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өмірге келгендер 723-ге артып, бақилық болғандар 7987-ге кем. Жыл ішінде 5 009 отбасы шаңырақ құрып, 1 666-сы ажырасып тынған, былтырғы жылы бұл көрсеткіш тиісінше 5 325 пен 1 616-ға тең. Әр мың адамға есептегенде дүниеге келгендер 17,68, ал өмірден өткендер-11,84 промилле болды.