Оның ең ауқымдысы Степняк қаласында өткен Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония ұжымының концерті болды.
Сонымен қатар өңірде дөңгелек үстелдер өтіп, мектептерде сынып сағаттары ұйымдастырылды. Кітапханаларда конференциялар өтті. Біржан сал атындағы колледждің өнерпаздары ақынның әндерін орындап, флеш-моб өткізді.
Естеріңізге сала кетейік , Елбасы Жарлығымен Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы қайтадан Біржан сал ауданы болып аталған болатын.