«Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі Светлана Валитованың шешім-жобасында.
Шектеу шараларын енгізу туралы шешім бүгіннен, яғни 14 шілдеден бастап күшіне енді.
Бірнеше күн бұрын Қарағанды облысына қарасты Мәди ауылдық округінде 3 бас ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталып шектеу енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.
Қоса кетсек, биыл Шығыс Қазақстан облысында 9 адам бруцеллез жұқтырды.