Ақмола облысындағы ауылда карантин жарияланды: Бес адам түйнеме жұқтырды деп күдіктелуде

Фото: None
АҚМОЛА. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Ольгинка ауылында «сібір жарасына» қатысты карантин жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

16 тамызда аталмышауылдан алынған сынамалардың нәтижесінде алдын ала «сібір жарасы» диагнозықойылып, 17 тамыздан бастап ауылда карантин жарияланды. Дегенмен, зерттеулерәлі де жалғасуда. Толық нәтиже 19-20 тамызда белгілі болуы тиіс.

Ақмола облысының Денсаулықсақтау басқармасының ақпараты бойынша, Ольгника ауылының 5 тұрғыны ауруханағажатқызылған. Қазір сынамаларға зерттеу жүргізіліп жатыр. Науқастардың жағдайытұрақты.

«16 тамызда Аршалыауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Ольгинка ауылының әкімінекарантин енгізу туралы ұсыныс жолдады. Сенбі күні Ақмола облысы Аршалыауданының аумағында сібір жарасы ауруларының ошақтарын жою бойынша штаб отырысыөтті. Құрамында 14 адам кіретін штаб ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, денсаулық сақтау басқармасының,жергілікті полиция қызметінің іс-қимыл жоспары қабылданды.

Ольгинка ауылындағымалдар арасында «сібір жарасы» жоқ. Күн сайын жануарларды комиссиялық тексеружүргізіледі», - делінген ҚР Ауыл шурашылығы министрлігінің сайтына жарияланғанақпаратта.

Министрліктіңмәліметіне қарағанда, Ольгинка ауылының барлық малы сәуір айында сібір жарасынақарсы егілген.

«Ветеринариялыққағидаларды бекіту туралы» ҚР АШМ 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығыменбекітілген ветеринариялық-санитариялық қағидалардың 1 параграфының 145-22тармағына сәйкес, Сібір жарасы бойынша карантин инфекция жойылғаннан жәнеқорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін 15 күнтізбелік күн өткеннен кейіналынады. Шамамен қыркүйектің бірінші онкүндігінде карантин алынып, мал менөнімді тасымалдауға рұқсат етіледі.

Еске сала кетсек,Ольгинка ауылында1998 жылы аталмыш індет шыққан, ауылдан 15 шақырым жердестационарлық мал қорым бар. Ол қоршалған, арнайы ескерту белгілері қойылған.

Айта кетерлігі, індеттіқазақ адамда «түйнеме», ешкіде «кебенек», қойда «топалаң», жылқыда «жамандат»,сиырда «қарасан», түйеде «ақшелек» деп атайды.

Соңғы жаңалықтар