Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 14:14 шамасында Щучье қаласының маңында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолында боран салдарынан бірнеше көліктің соқтығысқан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды.
«Жол апатынан жеңіл автомобиль «Газель» жүк көлігінің артына кіріп кетті. Салдарынан өрт шығып, жеңіл көлік толығымен жанып кетті. Ал, «Газельдің» кузовы зақымданды. Өрт сағат 14:40 сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 10 қызметкер және екі арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деді ведомстводан.
Сонымен бірге, ауа райының нашарлауына байланысы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына елді мекендерден сыртқа шықпауын, қажет болған жағдайда теміржол көлігін пайдалануды сұрайды.