Ақмола облысындағы карантин: Елордалықтарға еш қауіп жоқ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысына қарасты Ольгинка ауылында түйнемеге қатысты енгізілген карантиннен елордалықтарға еш қауіп жоқ. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті Аса қауіпті инспекциялар мен биоқауіпсіздікті эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Зәуреш Жұмаділова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түйнемеадамнан адамға жұқпайды. Сондықтан науқас адамның Нұр-Сұлтан қаласына келіп,жергілікті тұрғындардың барлығына жұқтыру қаупі жоқ. Мұндай долбар қисынсыз. Алет басқа мәселе. Анықталған еттің барлығын тауып, өртеп жібердік. Залалданғанеттің бәрін жинап алған сияқтымыз. Сол Себепті Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарына қауіп өте төмен», - деді Зәуреш Жұмаділова.

Ал ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетініңтөрағасы Арман Өтеғұлов елордалықтардың неліктен қауіптенбеуі керектігінтүсіндіріп берді.

«Қауіптенуорынды. Ветеринарияны, жануарлардың жайылым ерекшеліктерін білмейтін адамдарда түйнеме елордаға да келіпжететіндей сезімнің байқалуы мүмкін. Елді мекен елордадан 165 шақырым жерде.Бұл елді мекенде карантиндік шаралар жүргізіліп жатыр. Карантин болған кезде олжерге ешкім кіре алмайды. Біз көліктер кіргенде де, шыққанда дазалалсыздандырамыз. Ол жақтан өнім сыртқа шығармайды. Ол карантин алынғаннанкейін ғана мүмкін болмақ. Еш қауіп жоқ», - деді комитет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысының Аршалыауданына қарасты Ольгинка ауылында түйнемеге қатысты карантинжарияланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, Ольгинка ауылының 5тұрғыны ауруханаға жатқызылған. Қазір сынамаларға зерттеу жүргізіліп жатыр.Науқастардың жағдайы тұрақты. Елді мекендегі карантин 15 күннен кейін алынады.

Соңғы жаңалықтар