Ақмола облысындағы карантин: Жағдай толық бақылауда

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы түйнемеге қатысты жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода атап өткендей, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтанқаласындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердіңқауіпсіздігі мен сапаны бақылау комитеті Ақмола облысының Аршалы ауданынақарасты Ольгинка ауылында түйнеменіңтіркелуіне байланысты бірқатар іс-шаралар қабылданғанын хабарлады.

Комитет төрайымы Людмила Бұйрабекованың айтуынша, жағдай толық бақылауда. Өңірде Ақмола облысы әкімінің орынбасарыҒалымжан Әдіқалықовтың басшылық ететін денсаулық сақтау, ветеринария, ішкі істероргандары саласындағы мемлекеттік органдар мен төтенше жағдайлар департаментіөкілдері қатысқан түйнеме жұқпасы бойынша аумақтық штаб жұмыс істеуде.

«Індет ошағында эпидемияға және эпизоотикаға қарсышаралар ұйымдастырылды. Олар қарым-қатынасқа түскен адамдарды анықтап, екпесалуға бағытталған», - деп атап өтті Людмила Бұйрабекова.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігінің баспасөзқызметі хабарлағандай, Аршалы ауданының әкімі Эпизоотикалық және эпидемиологиялықошақтарды ауыздықтау және жою іс-шаралар жоспарын бекітті.

«Қазіргі таңда түйнемеге қатысты бес күдікті жағдай тіркелді. Олардың ішінде төртеуін зертхана растады.Ауру жеке қорада ветеринарлық куәландырусыз ірі қара малды (сиыр) союға мәжбүрболғандықтан тараған. Ольгинко ауылына қораларды тексеру үшін қосымша 3медициналық қызметкер жіберілді. Медициналық мекеме толықтай дәрі-дәрмектерменқамтамасыз етілді», - деп атап өтті ведомствода.

Атап өтілгендей, 2019 жылдың 12-15 тамызында қарым-қатынасқатүсті делінген барлық адам Аршалы аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінежатқызылды. Эпидемиологиялық тексеру анықтағандай, 2019 жылдың 2-6 тамызындажеке қорада ветеринарлық куәландырусыз мал союға мәжбүр болған жағдайсалдарынан індет тараған. Мал иесінің айтуынша, малды союға 5 адам қатысқан.

«Қазіргі уақытта Ақмола облыстық ұлттық сараптама орталығыоблыстық бөлімшесі аса қауіпті инфекциялар зертханасы аурулардан серологиялықзерттеу үшін материал алды.

Сондай-ақ, зертхана қызметінің мамандары аурудың біріншіжағдайы тіркелген кезде індет ошағынан ауырған жануардың материалдары (ірі қарамалдың еті, жүні, сүті, жемі), топырақ, су сынамалары алынды.

Зерттеу нәтижелері бойынша, жарамсыз сынама анықталмады.Қосымша 3 биосынама мен 5 топырақ сынамасы іріктелді. Олар қазірбактериологиялық зерттеуде жатыр», - деді ведомстводан.

Сондай-ақ,ветеринарлық инспекция санитарлық қызметпен, полиция және медицинақызметкерлерімен бірге 156 үйдің қорасына, 236 түрлі нысандар мен ұйымдарғатексеру жүргізіп, тұрғындарға 392 нұсқаулық берді.

Аулаларды тексеру барысында медициналық бақылауға алынғанадамдар анықталды, оларға күніне екі рет термоетрия жүргізіліп жатыр.

«Өңірдегі жағдай Комитеттің бақылауында, эпидемиологиялыққарсы шаралар жалғасып жатыр. Комитетбасшысы қала тұрғындарына қарапайым қауіпсіздік пен гигиена ережелерінсақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, температура көтеріліп, денсаулығы нашарлаған жағдайда мекенжай бойынша медициналық мекемеге барулары сұралады», - делінген баспасөз баянында.

Еске салайық, 16 тамызда Ақмола облысының Аршалы ауданынақарасты Ольгинка ауылында түйнемеге қатысты карантин жарияланды. 5тұрғын ауруханаға жатқызылып, қазір сынамалар зерттеліп жатыр. Ауруханадажатқандардың жағдайы тұрақты. Ольгинка ауылында үй жануарлары арасында түйнеме белгісі анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар