Алексей Деревянконың қатарластары 9-сыныптан соң колледжерге кетіп қалған екен. Осылайша Түрген орта мектебінің мұғалімдері соңғы екі жылдан бері 11-сыныптан тек Алексей Деревянконы оқытып келіпті.
Ал түлектің өзі, алғашында бір сыныпта жалғыз оқу ерсі болғанын жасырмайды. Мектеп бітірген соң, Алексей Қарағандыға барып, автоэлектрик мамандығын оқуды жоспарлап отыр.
Мұғалімдер жалғыз түлекке тіпті мектеп бітіру кешін ұйымдастырып бермек ниетте.
Аудан әкімдігінің сайтындағы мәлімет бойынша Астанадан 72 шақырым қашықтықтағы Түрген ауылында соңғы санақ бойынша 890 адам тіркелген.