«Ақмола облысы Ерейментау ауданының Новомарковка ауылы Майлан ауылы деп аталсын. Бұл шешім Ақмола облысындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендерді қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында жасалып отыр», - делінген бірлескен шешім шығарылған құжатта.
Қаулы 22 қыркүйекке дейін ашық талқылауға шығарылған. Кейін елді мекен атауын өзгерту шешімі күшіне енеді.
Қоса кетсек, осы аптада депутаттық топ Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтару туралы ұсыныс жасады. Кейін бұл бастамаға қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Ерлан Қошанов және Үкімет мүшелері пікір білдірген еді.