«ҚазАвтоЖол» Ақмола облыстық филиалының жедел мәліметі бойынша күннің ашылуына байланысты қаңтардың 2-і сағат 12:00 бастап республикалық мақсаттағы күре жолдардың «Нұр-Сұлтан-Петропавл» 18-231 км (Щучье -Нұр-Сұлтан), «Екатеринбор-Алматы» 1006-1247 км (Атбасар - Нұр-Сұлтан), «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» 42-51 км (Нұра ауылы-Қарағанды облысының шекарасы), «Щучье-Зеренді» 0-80 км (Щучье-Зеренді), «Екатеринбор-Алматы» 1291-1426 км (Нұр-Сұлтан – Теміртау) учаскелерінде көліктің барлық түріне жол ашылды», - дейді ведомстводан.
14:21, 02 Қаңтар 2020
Ақмола облысындағы республикалық жолдар ашылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар күре жолдар барлық көлік түріне ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.