Ақмола облысындағы серіктестік қызметкеріне 34 млн теңгені ысырап етті деген айып тағылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкеріне 34 млн теңгені ысырап етті деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz

9 маусым күні Аршалы аудандық полиция бөліміне жергілікті серіктестіктердің бірінің басшысынан қаржының заңсыз шығындалғаны туралы хабар түсті.

Кәсіпкердің хабарлауынша, 2022 жылдың 1-қарашасынан бастап, бүгіні күнге дейін қаржыға жауапты қызметкерлердің бірі 34 млн теңгені жаратып жіберген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189 бабының 4 бөлігі бойынша «Сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау немесе ысырап ету» сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында күдіктінің шетелден асыл тұқымды мал сатып алу үшін бөлінген ақшаның тек жартысын ғана төлегені анықталды. Қалған ақшаны өз қажетіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда оның осы іске қатыстылығы нақтыланып жатыр және өзге де тергеу шаралары жүргізілуде.