Ақмола облысындағы жолдар ашық

None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында көлік қатынасына қойылған шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш аймағында тасжолдар жабылған.

Оның ішінде, 25.12 9:30-дан бастап ауа райы бұзылып, боран тұрып, көріну нашарлағандықтан Ақмола облысындағы «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» (16-200 км, Нұр-Сұлтан қ. – Павлодар облысының шекарасы) бағытында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынған болатын.