Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш аймағында тасжолдар жабылған.
Оның ішінде, 25.12 9:30-дан бастап ауа райы бұзылып, боран тұрып, көріну нашарлағандықтан Ақмола облысындағы «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» (16-200 км, Нұр-Сұлтан қ. – Павлодар облысының шекарасы) бағытында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынған болатын.