Кездесуде облыстың 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясын əзірлеуде əріптестік орнату мəселесі сөз болды.
"Мемлекет басшысы өзінің күні кешегі Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқаты ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты» деген сөздерімен өңірлік дамудың жаңа серпініне жол ашып берді. Осынау өңірлік дамуды бағдарламасы шеңберінде ақмолалықтардың əл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту көзделген. Осы бағдарламаны əзірлеуге атсалысуға ниет білдіріп отырғандарыңызға алғыс білдіремін",-деді облыс әкімі.
Өз кезегінде қонақтар облыс жайлы алдын ала мағлұматтармен танысуға мүмкіндік жасалғанына алғыс айтты.
«Өңір басшылығы алдағы жылдарға нақты мақсат қойып, оны шешудің оңтайлы жолдарын қарастырғаны байқалады",-деді А.Аганбегян. "Бұл іске бізді қатыстырып отырғандарыңыз ортақ мүддеден туындайды. Ақмола облысының барлық жағынан дамуына мүмкіндік мол. Астана нарығы ғана емес, Астананың болашағы да осыны талап етеді. Сіздер алтын өндіруде, егін өсіруде жетекші орындасыздар. Сондықтан, Ақмола облысының əлеуеті зор".
«Əрине, біз бірлесіп жұмыс істейін бағдарламаны жүзеге асыру облыстың географиялық жəне геосаяси жағдайын ескере отырып, тұрғындардың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді",- дей келе, Ресей корпоративті Жоғары мектебінің директоры, профессор Сергей Календжан инновациялық білім кластерін құру жөнінде ұсыныс жасады.