Ақмола облысының 4 ауданында ауыл әкімдерін сайлау өтеді
14:54, 10 Сәуір 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысының 4 ауданындағы 5 ауыл мен ауылдық округте әкім сайлауы белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сайлау қазіргі әкімдердің өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталуына байланысты белгіленіп отыр.
Сайлауға әкімдіктен үміткер 18 адамның кандидатурасы ұсынылған болатын. Оның ішінде «Amanat» саяси партиясынан - 1 (5,6 %) адам ниет білдірген. Қалған 17 адам (94,4%) – өз-өзін ұсынушылар.
«ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 2 үміткердің кандидатурасы мақұлданбады. 1 кандидат құжаттарды түгел ұсынбауына байланысты тіркеуге алынбады. Сонда ресми тіркелген кандидат саны – 15. Оның біреуін «Amanat» партиясы ұсынса, қалған 14-і өз-өздерін ұсынып отыр. Бұл 15 үміткердің төртеуі (26,7%) – әйелдер. Бір орынға орта есеппен 3 адам таласады», - деп жазылған әкімдіктің ақпаратында.