Ақмола облысының 400-ден астам педагогы тамыз кеңесіне қатысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Осы жылы білім беру қызметкерлері үшін «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» ұранымен алғаш рет республикалық тамыз кеңесі жаңа форматта өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пленарлық отырысты онлайн режимде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың қатысуымен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ашты. Сессия жұмысына еліміздің білім беру жүйесінің 12 мыңнан астам қызметкері қатысты.

Өңірлерде тамыз кеңесінің жұмысы тақырыптық бағыттар бойынша жүргізілді. Ақмола облысында - жазғы демалысты дамытуға арналды.

Көкшетау қаласында аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне көліктерді салтанатты түрде табыстаудан және жазғы демалыс пен балаларды сауықтыру тақырыбы бойынша көрмемен танысудан басталды.