Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қанды қылмыс бүгін болған.
«Ерейментау қаласының 38 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа күдікті ретінде 60 жастағы көршісі ұсталып, қару тәркіленді. Сонымен бірге, оқиға куәгерлері де анықталды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында танысын атып өлтірген 51 жастағы астаналық ұсталған болатын.