Аймақ басшысы аудандағы ірі шаруашылықтардың бірінен саналатын «Федоренко және К» серіктестігінің егістік алқаптарын аралап көріп, жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті. Кездесуде егістік алқаптарындағы астықты күтіп-баптау, алдағы егін орағына дайындық жұмыстары сараланды.
«Федоренко және К» серіктестігі басшысының айтуына қарағанда, биыл шаруашылық 11 мың гектарға дән сепкен. Химиялық өңдеу жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізген серіктестіктің осы күні егіні жайқалып, бітік өсіп отыр.
Серіктестік жұмысына оң бағасын берген аймақ басшысы осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі ширатуды тапсырды.
Айта кету керек, аталған шаруашылық егінмен қатар, етті және сүтті бағытта мал шаруашылығын да қатар алып келеді. Қазіргі кезде, мұнда 807 бас ірі қара, 68 жылқы өсірілуде. Серіктестікте 177 адам еңбек етеді. Осы күні шаруашылық биылғы жылға жоспарланған 1 300 тонн шөптің 800 тоннасын әзірлеп үлгерген.