Ақмола облысының әкімі қаза болған «Охотзоопром» инспекторының отбасына көңіл айтты

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қаза болған «Охотзоопром» инспекторы Қаныш Нұртазиновтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Браконьерлердіұстау кезінде қаза тапқан «Охотзоопром» инспекторы Қаныш Нұртазиновтың отбасынакөңіл айтамын. Екінші инспектор, Оспанов Самат, санавиациямен Ақмола облыстықауруxанасына ұшақпен ұшуда, жағдайы бірқалыпты ауыр. Тез сауығып кетуінетілектеспін.

Қылмыскерлердііздестіру жедел шараларына барлық Ішкі істер саласының қызметкерлері дабылбойынша көтерілді», деп жазды Ермек Маржықпаев Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, 23 шілдедешамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалыныңинспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында киік атқандарды анықтайды. Браконьерлерізіне түскен екі инспекторға қарсы оқ атады, салдарынан 1976 жылғы инспектор көз жұмды, ал, оның 1975 жылғы әріптесі жараланып, Жарқайың аудандық ауруханағажатқызылған еді.

Осыған орай, арнайыжедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді ұстау бойынша кешенді шараларды қолғаалды. Күдіктілерді ұстауға Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарының полициябөлімінің жеке құрамы тартылды. Патрульдік қызмет нарядынан күдіктілердіңкөлігіне тұспалдау берілді. Жарқайың және көрші аудандардың аумағында 10 блокбекет қойылған болатын.

Артынша, бұл іс ҚРІшкі істер министрі мен Ақмола облыстық ПД басшысы бақылауына алынды.Сонымен қатар, аталған оқиғағабайланысты ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.Жедел іздестіру шарасы барысында күдіктілер Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғынымен оның 20 жастағы баласы ұсталды.

Соңғы жаңалықтар