Шіркеуде болған аймақ басшысы православ шіркеуі біздің қоғамымызда бейбітшілік пен түсіністікті нығайтуға, мемлекеттер мен діни бірлестіктер арасындағы игілікті диалогты дамытуда зор үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті.
«Барша ақмолалықтарды миллиондаған христиандарға жоғары рухани қуаныш әкелетін адамдардың жүректеріне мейірімділік ұялатып, жақсылық пен сүйіспеншілікке толтыратын мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке адамдардың бір-біріне деген сыйластығын қалыптастырып, болашаққа деген сенімін нығайтады»,- деді облыс әкімі өз сөзінде.
Шіркеуде болған аймақ басшысы барша христиандарды Рождество мерекесімен құттықтай келе, осындағы жексенбілік мектептің шәкірттеріне сый-сияпаттар үлестірді.