КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин ҚР Президенті сайлауына қатысып, Көкшетаудағы №1 орта мектепте орналасқан №6 сайлау учаскесінде өзі қалаған кандидатқа дауыс берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА-нің өңірдегі тілшісі.
"Өз елімнің азаматы ретінде, мен Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуін қамтамасыз ететін кандидатқа дауыс бердім", - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар осы сайлау учаскесінде облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаров пен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев та дауыс берді.
Облыстық аймақтық сайлау комиссиясының берген ақпараты бойынша, қазіргі уақытта өңірдегі 808 сайлау учаскесінде дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.