КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ОБСЕ демократиялық институт және адам құқығы бойынша бюросының байқаушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мартин Россман Австриядан және Камилла Форите Франциядан 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР Президенті сайлауына байқаушы ретінде аккредиттелген. Шетелдіктер президент сайлауының Ақмола облысы бойынша халықаралық стандарттарға, ұлттық заңнама және демократиялық сайлау талаптарына сай өтуін бағалайтын болады», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Қазақстанда өтетін сайлауға байқаушы ретінде халықаралық ұйымдар тіркеліп жатыр.
Бүгінгі күнге дейін халықаралық 67 байқаушы аккредиттеуден өткен.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.