АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Астана қаласының 112 нөміріне Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы теміржол вокзалында жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған ақпарат түсті, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
ТЖД қызметкерлерінің мәліметі бойынша, жалған ақпарат наурыздың 23-і кешкі сағат 17:28 де түскен. Белгісіз біреулер Астана қаласының 112 нөміріне Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы теміржол вокзалында жарылғыш зат қойылғаны жөнінде телефон арқылы жасырын хабарлаған.
Нәтижесінде, вокзал ішінде болған 33 адам сыртқа шығарылды. Вокзал ішін арнайы тексеріс барысында ақпарат расталмады.
Қазір құқық қорғау органдарымен жалған ақпарат тартқан адам анықталу үстінде.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.