Ақмола облысының бас санитария дәрігері тұрғындарды асқа бармауға шақырды
«Еске алу асына қатысу коронавирус инфекциясына шалдыққандардың санының көбеюіне жол береді», - деп атап өтті Айнагүл Мусина.
Сонымен қатар, бас дәрігер карантин талаптарын сақтамағандар әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертті.
«Әлеуметтік желіде асқа шақыру көбейіп кетті. Айта кетейік, ҚР Бас санитария дәрігерінің №44 қаулысына сәйкес карантин кезінде бұқаралық шараны өткізуге тыйым салынған. Мұндай шараларды өткізу ауырғандардың санын көбейтуі мүмкін. Осыған байланысты адам көп жиналатын шараларға және еске алу асына бармауға шақырамын. Карантиндік талаптарды сақтамағандар әкімшілік кодекстің 425 бабы бойынша жауапқа тартылады», – деп толықтырды Айнагүл Мусина.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 928 адамға жетті.