Көкшетау қаласында М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында бірнеше тілде оқыту іске асырылуда, мұнда 7 сыныптан бастап алгебра және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылуда.
Бірнеше тілде оқыту Көкшетау қаласындағы «Қазақ-түрік лицейі» дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-интернатында да іске асырылуда. Оқыту бағдарламасы 7 сыныптан бастап бес тілде білім беруді қарастырып отыр.
Қазақ-түрік лицейінде ағылшын тілінде оқытудың кадрлық мәселелерін «KATEV» халықаралық білім беру қоры шешіп отырғанын атап өтейік.