Ақмола облысының Біржан Сал ауданындағы өрт сөндірілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін, 2023 жылғы 14 шілдеде сағат 08.50-де Біржан сал ауданының Қайнар ауылынан 15 км жерде орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт шалған аумақтың көлемі шамамен 1 100 гектарды құрады.

Желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы өртті сөндіруді қиындатты.

Құрғақ шөп өртін сөндіруге Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан 75 адам және 15 адам жұмылдырылды.

Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.