Ақмола облысының дәрігерлері коронавируспен күресті күшейтуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының медициналық мекемелері коронавируспен күресу үшін қосымша жабдықтар сатып алды. Бұл туралы журналистермен өткен онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Емдеу шараларын одан әрі тиімді жүргізу үшін денсаулық сақтау басқармасы өкпені жасанды желдететін 17 аппарат, науқас мониторы, көпбейінді керует, наркоз-тыныс алу екі аппарат, 10 электрлі сорғыш сатып алынды», – деді Сүлен Ілясов.

Жабдықтар төтенше жағдайға арналған резервтегі қаражатқа сатып алынды.

«Станционарларда үш жүзден астам медициналық қызметкер тартылды. Оның 69 дәрігер, 139 орта медициналық қызметкер, 132 біздің персонал», – деп толықтырды Сүлен Ілясов.

Сонымен бірге, керуеттер саны 573-ден 837 дейін ұлғайтылды. Оның 162 жұқпалы аурулар стационарында. Егер адамдар өздерінің жауапкершілігін арттырмаса, бұл шаралар көмектеспейді. Бүгінгі таңда облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы аурулар станционарында 76 науқас ем қабылдауда, оның бесеуінің жағдайы ауыр. Ал, ауру белгілері білінбейтін науқастар амбулаториялық жағдайда ем алуда. Үйде емделуіне жағдайы жоқтар Бурабай кентіндегі «Бурабай» облыстық балаларды оңалту орталығында 30 адамға арналған карантиндік станционарға орналастырылады. Әр бір науқасқа пульсоксиметр беріледі. Олар тәулігіне екі өлшеп медицициналық қызметкерге береді», – дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айынан бастап, өңірдің жұқпалы аурулар станционарында 250 науқас емделді. Оның ішінде 46 адамның жағдайы ауыр болды. Бірақ, соған қарамастан олар вирустан айығып шықты. Соңғы тәуліктің ішінде 15 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелсе, оның екеуі Көкшетау қаласының үлесінде.