Ақмола облысына қарасты Талапкер ауылының маңында, «Екатеринбор - Алматы» тас жолының 1236 шақырымында 8 қыркүйек күні сағат 00:20-да «Volvo FH 12» көлігінің жүргізушісі, 1962 жылғы Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласының тұрғыны жолдың жарықсыз учаскесінде келе жатып, белгіленбеген жерде жолға шыққан 50 жастағы әйелді қағып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды.
04:56, 11 Қыркүйек 2012
Ақмола облысының «Екатеринбор - Алматы» тас жолында Қырғызстан азаматы 50 жастағы әйелді қағып кетті
АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Екатеринбор - Алматы» тас жолында шетелдік көліктің жүргізушісі 50 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлады өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметі.