Ақмола облысының елді­ мекендерінде ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі біріндеп шешіліп келеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында елді­ мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі біріндеп шешіліп келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазіргі кезде, аудан­да орталықтандырылған ­ ауыз сумен тұрғындардың 92 пайызы қамтылды. Шойындыкөл, Нахимов, Құмсуат, Баранкөл ауылдарында су қорына мониторинг және геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Құмсуат және Бірсуат ауылдарында 27 жылға жететін су қоры  бар екені анықталды. Мемлекеттік сараптама алу үшін Бірсуат ауылына ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттама жолданды. Биылдан бастап, сумен жабдықтаудың үшінші кезеңін жүзеге асыру, кәріз жүйелері және тазарту ғимараттары нысандарын қалпына келтіру жоспарланған. Аудандық бюджет есебінен мемлекеттік сараптамамен жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді.

Сонымен қатар, тұрғын­үй коммуналдық шаруашылық саласында 400 метр жылумен қамту жүйесі жаңартылып отыр. Қаланың әкімшілік ғимараттарын орталықтандырған жылу жүйесіне қосу бойынша кезекті жобалар жүзеге асырылуда. Қазандықтарды  оңтайландыру нәтижесінде келесі жылдары көппәтерлі тұрғын үйлерді бір орталықтандырылған жылу көздеріне қосу жоспарланған.