Бала 22 қаңтарда сырқаттанған, анасы өздігінен емдеген. Ана 24 қаңтарда сағат 09.15-де баласының дене қызуы көтеріліп, іші өтіп, құсып, тамақтан бас тартқанын айтып дәрігерге жүгінген. Ол кезде баланың жағдайы өте ауыр болған. Сол жерде балаға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, бала дәрігер және мейірбикемен бірге Ерейментау орталық аудандық ауруханасына жіберіледі. Бірақ бала жол үстінде, сағат 10.00-де шетінеп кетеді.
Мәйітті ашу кезінде анықталған диагноз: 2 жақты қолқаның күшті қабынуы.