Ақмола облыстық мәденит, архивтер және құжаттамалар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Халықаралық туризм күніне орай Мәлік Ғабдуллин музейінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараның мақсаты көпшілік қауымның музейге деген қызығушылықтарын арттыру, Мәлік Ғабдуллиннің өнегелі өмір жолын насихаттау.
«Ашық есік күнінде «Центр долголетия Үміт» қоғамдық бірлестігінің келушілеріне, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының, Ж.Мусин атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің және Жоғары техникалық колледжінің студенттеріне экскурсия жүргізіліп, барлығы 216 адамға қызмет көрсетілді», - деді ведомстводан.
Сонымен бірге, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды. Онда 100-ге жуық адам музейге келіп, жәдігерлермен танысты.
«Біз мұнда халқымыздың өткен өмірінен сыр шертетін құнды дүниелерді көзбен көріп, таныстық. Мұражайға әр келген сайын қызығушылығымыз арта түседі. Себебі, мұржайдан рухани азық, ерекше әсер аласын. Мұндағы, құнды жәдігерлер ұлттық мәдениетіміз бен салт — дәстүрімізді көрсетеді», - деп әсерлерімен бөлісті Ж.Мусин атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің студенттері.