Ақмола облысының өнеркәсіп саласында цифрлық технология енгізілуде
«Технологиялық дамудың жаңа деңгейіне өту маңыздылығы ескеріле келе, өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарында цифрлық технологияларды енгізу бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жоспар жасалды», деді аймақ басшысы.
Мәлік Мырзалиннің айтуынша, қазіргі кезде облыстағы 20-дан астам компания өнеркәсіп саласында цифрлық технологияларды қолданып жүр.
«Кәсіпорындар технологиялық жаңғыруға инвестиция бөлуде белсенділік танытып отыр. Ағымдағы жылдың 8 айында 40 миллиард теңге қаржы игерілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық», деді М.Мырзалин.
Өсім драйвері ретінде облыста құны 74 миллард теңгені құрайтын 30 жоба жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде 1820 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Бұлардың ішінде 7 ірі жоба индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылуда.