Ақмола облысының полиция қызметкерлері 2 млн. теңге салынған сөмке мен жолқапшықты ұрлап әкеткен ер адамдарды іздестіруде - ІІД
19:21, 08 Қазан 2012
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полиция қызметкерлері облыс орталығының 26 жастағы тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған ер адамдарды іздестіруде, деп хабарлады өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметі.
7 қазан күні ІІД жедел басқару орталығына Көкшетау қаласының тұрғыны хабарласты. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, екі белгісіз ер адам оны үйінің алдында торауылдап, соққыға жығып, 2 млн. теңгеден астам ақша салынған сөмке мен жолқапшықты ұрлап әкеткен.
Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 179 бабы, 4 бөлімі бойынша (қарақшылық) қылмыстық іс қозғалды.