Табиғат ақмолалықтаға сәуірдің соңғы күні осындай тосынсый жасады.
Ақмола облыстық «Қазгидромет» РМК метеоболжау бөлімінің басшысы Даниель Жұмажановтың айтуынша, қар облыстың тек солтүстік аудандарына түскен. Мұнда бұдан бұрын ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Ертең, Қазақстан халқының бірлігі күні, Ақмола облысында тағы жауын-шашын түсуі мүмкін.
Еске салайық, кеше «Қазгидромет» РМК Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, дауыл болады деп болжады. Бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетуі ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін.
Авторы: Оксана Матасова