Ақмола облысының соттарында жаңа судьялар тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы сот төрағалары мен судьяларды лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 тамыздағы №65 жарлығымен Ақмола облысы бойынша жаңа судьялар тағайындалды.

Жарлыққа сәйкес, Көкшетау қалалық соты судьяларының лауазымына Кәкім Ільяс Қазбекұлы, Орымбай Күлзия Жанатқызы, Төлегенов Ғабит Сабытұлы, сондай-ақ мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот судьясы лауазымына Көшубаев Асылхан Болатұлы тағайындалды.