КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының табиғатты қорғау прокуратурасының бастамасымен Астана және Шағалалы су қоймаларында балық аулауға рекреациялық аймақ бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ақм«Астана және Көкшетау қалаларын сумен қамтамасыз ететін су қоймаларында ау және өзге де құралдармен балық аулауға тиым салынды. Құзыретті органдар аталған әдістермен балық аулауға ниетті браконерльердің жолын кесетін болады. Мұндай тыйым - спорттық-әуесқой балық аулау және экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді», деп көрсетілген хабарламада.
Ендігі кезекті Степногорск қаласының су қоймасында да балық аулауға тиым салынбақшы.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.