Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 3-де таңғы сағат 05:09-да Қорғалжын аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті ауылдардың біріндегі шаруа қожалығының басшысы жүгініп, белгісіз біреулердің қысқа мал азығы ретінде жинаған шөбін өртеп жібергенін айтты.
«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 3 қарашаға қараған түні белгісіз береулердің кәсіпкердің 1491 орама шөбін өртеп жібергенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 10 миллион 500 мың теңгені құрады», - деді ведомстводан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
«Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 202-ші бабының 2-бөлігі «бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», - деді ведомстводан.