Ақмола облысының тұрғыны жарылғыш зат сақтаған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысының тұрғыны жарылғыш зат сақтады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

ІІМ баспасөз қызметі ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Степногорск қаласында 61 жастағы тұрғын жарылғыш заттарды заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат алғанын мәлімдеді.

Ер адамның гаражын тексеру кезінде жарылғыш толқын бағыттаушылары болып есептелетін 34 металл-цилиндрлік зат табылды.

Осы оқиғаға байланысты сараптама тағайындалды.

Факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.