Ақмола облысының үздік тауар өндірушілері анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Қазақстанның үздік тауары» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Оларды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков марапаттады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Байқауға облыстың әр өңірінен жиналған барлығы  30 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Үздіктер «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша анықталды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша - Бурабай ауданындағы  «Щучинск қазандық-механикалық зауыты» ЖШС, «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша - Целиноград ауданындағы аяқ киім тігетін фабрика "САМХАТ" ЖШС жəне «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша Жақсы ауданындағы «Агрофирма ТНК» ЖШС жеңімпаз атанды.