Астанадағы «Қазанат» ипподромында 31 қазан күні Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара бір күнге жоспарланып отыр.
Жәрмеңкеге Ақмола облысының 20 ауданынан тауар өндірушілер қатысып, жалпы көлемі 497,21 тонна болатын өздері өндірген ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін ұсынады. Оның ішінде:
* ет өнімдері — 154 тонна;
* сүт өнімдері — 31,75 тонна;
* көкөніс өнімдері — 227 тонна;
* шұжық өнімдері мен еттен жасалған жартылай фабрикаттар — 23 тонна;
* басқа да бакалея тауарлары — 62 тонна;
* тауық жұмыртқасы — 150 мың дана.
Жәрмеңкенің мақсаты — елорда тұрғындарын арзан бағада сапалы ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, отандық өндірушілерді қолдау, сондай-ақ өнімді өндірушіден тұтынушыға тікелей жеткізу жүйесін дамыту.
31 қазан күнгі жәрмеңке елордада биыл өтетін соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болмақ.
Іс-шара «Қазанат» ипподромында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.