Ақмола өңірінде халықтың саны артуда

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола өңірінде тұрғындар саны өткен жылмен салыстырғанда 2921 адамға артқан, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі күні өңірдегі халық саны 735 640 адамды құрап отыр. Статистикалық деректерге сүйенсек, Көкшетаудағы 153 999 тұрғынның 87 780-ін нәзік жандылар құрайды. Өңірдегі ер адамдар саны басым саналатын Еңбекшілдер ауданында бұл көрсеткіш 50,1 пайыздан аспайды.

Сонымен, аймақта тұрғындар саны өткен жылмен салыстырғанда 2921 адамға көбейген.