Жиынға қоғамдық бiрлестiктердiң, саяси партиялардың, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi, БАҚ және мемлекеттiк органдардың басшылары қатысты.
Облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы А. Мысырәлимованың айтуынша, жобаның негiзгi тұжырымы 4 блоктан тұрады - бiлiм, аймақтық мәдениет, кәсiпкерлердi қолдау және бағдарламаның iске асыру барысын көпшілікке жеткiзу. Сондай-ақ А. Мысырәлимова бүгiнгi күнi «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс тобы құрылғанын және оның құрамына қоғамдық ұйымдар, этно-мәдени бірлестіктер және бизнес саласының өкілдері енгенін атап өттi.
Өз кезегiнде аймақ басшысы аталмыш бағдарламаны өңiрде жүзеге асыру жұмыстарына мамандар мен әлеуметтік желі белсендiлерiн де көптеп тартуды тапсырды.
Сондай-ақ жиында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары ұсынылды. Аталған жоспар 150-ден астам шараны қамтиды. Мұнда облыстағы тарихи-мәдени жәдiгерлер, туризм нысандары, табиғи қорықтар тiзiмiн жасау және ақпараттарды бiр жерде шоғырландыратын танымдық интертен-портал құру мiндеттері қарастырылған.
Жиын қорытындысы бойынша «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға атсалысатын жұмыс тобы құрамындағы «Жоба кеңсесі», «Басқару» және «Сараптама» топтарының құрамы бекiтiлдi.