Ақмола орнитологтары мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізбек

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат-Ақмола облысында оқушыларды экологиялық тәрбиелеу бағдарламасына орнитологиялық бақылау енгізу туралы жоба əзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жобаның басты мақсаты оқушыларға экология туралы тәрбие беру жəне еліміздің келешегі үшін жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушыларды тарту арқылы біз бұл жобаны табиғи ортада құстарды бақылау арқылы, сондай-ақ, оқу бағдарламасына орнитологиялық бақылауды қосу жөнінде бастама көтеру, ақпараттық жарияланымдарды кеңейту, экологиялық тәрбие мәселесі мен міндеттерін көтеру арқылы жүзеге асыруды көздеп отырмыз», дейді Қорғалжын экологиялық қорығының директоры Құралай Түсіпбекова.

Жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар 2016 жылы басталды. Қонақүй базасында Қорғалжын ауданы аумағындағы құстарды бақылау бойынша инфрақұрылым жасалды, қорық және ғылыми ұйымдардан қолдау көрсетті.

Вдомствоның дерегі бойынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің зология ҰЗИ, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, Қорғалжын аудандық әкімдігі, Биоалуандықты сақтау қоры, Ұлттық Дельфий комитеті, Американың орнитологтар қауымдастығы жобаның әріптестері.

«2018 жылдың тамызында жобаны ҚР АҚШ елшілігінің кіші гранты қолдады. Алты ай бойы грандтық қолдау бағытында құстарды бақылау бойынша авторлық әдістеме жасау, оқушыларды әр деңгейде даярлау бойынша 3 оқыту бағдарламасын құрастыру, орнитологиялық орталықты материалдар және жабдықтармен қамтамасыз ету, бағдарламаны тестілеу мақсатында оқушылардың 4-5 топ болып келуін ұйымдастыру тәрізді жұмыстар атқарылады.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігі үшін жобаның пікірлері мен нәтижелері бойынша, әріптестерді қолдау арқылы идеяны дамыту жөніндегі ұсыныс әзірленеді.

Қазіргі кезде, жоба жүзеге асырылу үстінде, оған оқушылардың алғашқы тобының орнитологиялық орталықта болуы айқын дәлел.