Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 8-де зардап шегушіден полицияға арыз түсірген. Көкшетау қаласының 26 жастағы тұрғынының айтуынша, «Кристина» есімді әйел алаяқтық жолмен оның анасының 600 мыңнан астам ақшасын жымқырып кеткен.
«Анықталғандай, зардап шеккен адам әлеуметтік желіде магиямен айналысатыны туралы жарнаманы көріп, онымен танысқан. Дұғаны қайтару үшін алаяққа алдымен 333 мың теңге, кейін тағы 300 мың теңгенің алтын бұйымдарын берген», - дейді ведомстводан.
Жедел – іздестіру кезінде Бұланды ауданы Макинск қаласының тұрғыны, 34 жастағы әйел ұсталды.
«Күдікті қылмысын мойындады. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190 бабының 1 бөлігі «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «шақырғанда келіп отыру» процессуалдық міндеттеу шарасы қолданылды», - деп толықтырды ведомстводан.