Ақмола және Қарағанды облыстарының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола және Қарағанды облыстарының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.

8 желтоқсанда Ақмола облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 желтоқсанда сағат 19.30 «Екатеринбург-Алматы» (856-917 км) жолындағы СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрінің қозғалысына қойылған шектеу сақталды.

Қарағанды облысында осы себептерге байланысты «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» (64-217 км) жолының Ботақара кентінен Қарқаралы қаласына дейінгі учаскесінде, «Екатеринбург-Алматы» (1492-1854 км) тас жолының Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейінгі учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.