Ақмола облысының Қалқұтан өзенінде су арнасынан асып, су басу қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының шегінде Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басуы ықтимал.
Павлодар облысының шегінде Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілуі одан әрі жалғасады.
Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады.